2025 жылдың 9 шілдесі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің гуманитарлық-педагогика факультетінің түлектері үшін ең бақытты күндердің біріне айналды. Осы күні университеттің керемет Студенттер сарайында салтанатты жағдайда диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл айтулы оқиғамен түлектерді құттықтап, университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі С.З. Елюбаев ерекше үлгідегі дипломдарды өз қолымен табыс етті. Бұл есте қаларлық оқиғамен түлектерді университеттің бірінші проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Л.Ж. Каримова және ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректордың орынбасары, саяси ғылымдар докторы А.А. Бухаева құттықтады. Олар гуманитарлық-педагогика факультеті әрдайым түлектерінің жетістіктерімен мақтанатынын атап өтті. Облыс педагогтарының 40 пайыздан астамы – жыл сайын біздің университетті бітірген мамандар, олардың көпшілігі бүгінде басшылық лауазымдарда қызмет атқаруда. Биылғы түлектер арасында да белсенді жастар көп, сол себепті оларға дипломмен қатар құрмет грамоталары табысталса, ата-аналарына алғыс хаттар берілді. Құттықтау сөздерінде олар түлектердің көпшілігі осы жетістіктерімен шектелмей, магистратурада білімдерін жалғастыратынына сенім білдірді. Әрине, университет дипломын алған әрбір түлек бұл қуанышты сәтті өмір бойы жүрегінде жылы сезіммен еске алатыны сөзсіз.






А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз орталығы
Экран оқу құралы
