Document
Сұрақтарыңыз бар ма?
Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?
Телефон 25-42-59 Маркер Байланыс

«Инженерлік-экология факультет түлектері, сәт сапар тілейміз!»

2025 жылдың 11 шілдесінде А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Студенттер сарайында инженерлік-экология факультетінің түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Түлектерді университет ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Сағынтай Зекенұлы Елюбаев шын жүректен құттықтап, оларға туған елінің игілігі үшін адал еңбек етуді, нақты жоспарлар құрып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуді, өз елінің патриоты болуды, сондай-ақ алған білімі мен еңбегі арқылы үлкен кәсіби жетістіктерге жетуді тіледі. Университеттің бірінші проректоры Лязат Женистовна Қаримова түлектерді құттықтап, оларды магистратурада оқуын жалғастыруға және университет түлектері қауымдастығына қосылуға шақырды. Құттықтауларға проректордың ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы Бухаева Анара Аргыновна және кафедра меңгерушілері Жартанов Сейлхан Сырымбетович және Ковальский Вадим Викторович қосылды. Түлектер мен олардың ата-аналары университет басшылығына, оқытушыларға және тәлімгерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, көптеген ізгі тілектерін айтты. Студенттік өмірдің жарқын жылдары мен ұмытылмас бақытты сәттері артта қалып, олар түлектердің жадында ұзақ сақталатын естеліктерге айналды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

 А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі