Document
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Өңірлік даму ҒЗИ директоры Саликова Наталья Семеновна

А. Мырзахметов атындағы  КУ өңірлік даму  ғылыми-зерттеу институтының директоры

Саликова Наталья Семеновна

химия ғылымдарының кандидаты

Телефон: +7 (716) 25 42 59

E-mail: natsal66@mail.ru

 

Н.С. Саликова 1988 жылы Санкт-Петербургтегі  химия-фармацевтикалық академиясының "Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша химия-технология  факультетін бітіріп, «химик-технолог» біліктілігін алып шықты. 2002 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы ОК 14.29.21 біріккен диссертациялық кеңесінің 02.00.06 "ЖМҚ химиясы" мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

         Н.С. Саликова ғылыми жобалар мен бағдарламаларды ғылыми-техникалық сараптауда және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуде мынадай бағыттар бойынша үлкен тәжірибесі бар маман: химиялық биотехнология; табиғи ресурстарды тиімді пайдалану; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы; қолданбалы және инженерлік экология. Сондай-ақ сертификатталған аналитикалық зертханаларда, диссертацияларды дайындау мен сараптауда, ғылыми және инновациялық қызметті ұйымдастыруда практикалық тәжірибесі бар:

  • 1988-1993 жж. – Степногорск қаласындағы «Биопрепараты» ӨБ инженер-микробиологы ;
  • 2000-2001 жж. - "Заман" агрохимиялық қызмет орталығы ЖШС сертификаттау органдарындағы  1 санатты маман (Петропавл қ.); 
  • 2001-2003 жж. –  Қазақстан-Ресей университетіндегі  оқу үрдісінің аға үйлестірушісі;
  • 2003-2009 ЖЖ. – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жаратылыстану-география факультетінің органикалық химия және ЖМҚ   химиясы кафедрасының доценті,   кафедра меңгерушісінің м.а
  • 2009-2015 ЖЖ. – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ  география және экология кафедрасының доценті;   
  • 2015-2017 жж. – ғалым  хатшы, А. Мырзахметов атындағы КУ "Экология, өмір тіршілігі  әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының доценті;  
  •  2017 жылдан  және қазіргі уақытқа дейін  А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті өңірлік даму ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Н. С. Саликова  биотехнология және қоршаған ортаны қорғау саласында 80-нен астам ғылыми жарияланымдары бар, ғылыми қызмет нәтижесіне авторлық куәліктер түрінде зияткерлік құқықтар тіркелген.

Ғылыми-педагогикалық қызмет барысында 9 оқу және оқу-әдістемелік құралдар басып шығарылды және жарияланды, электрондық оқулықтар әзірленді.

Қазіргі уақытта Н. С. Саликованың ғылыми қызығушылық саласы "Солтүстік Қазақстандағы табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу"бағыты болып табылады.